Қазақстандық Ресейде көлігімен жанып кете жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы полицейлері қазақстандық ауыр жүк көлігінің жүргізушісін апатты жағдайдан құтқарып қалды, деп хабарлайды superomsk.ru.

«Жол патрульдік қызметі ауыр жүк көлігіндегі өртті сөндіруге көмектескен. Төтенше оқиға Омбы-Одесса тасжолында болған. Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының (МЖҚҚИ) патрульдік экипажы тасжолдың 34 шақырымында қазақстандық нөмірі бар КамАЗ жүк көлігін көріп, капотынан өрт шыққанын байқап қалады», - деп жазады басылым.

Полицейлер автомобильді тоқтатады. Жүргізуші ақауды байқамай қалған.

МЖҚҚИ  қызметкерлері өздерінің өрт сөндіргіш құралдарымен сөндіре бастайды. Полиция аға лейтенанты Артем Нор мен Роман Гейнц істен шыққан КамАЗ-ды буксирлеу арқылы техникалық қызмет көрсету станциясына жеткізуге көмектескен.