Қазақстандық Ресейге ірі көлемде оқ алып өтпек болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарашылары аңшылық оқ-дәрінің ірі партиясын рұқсат құжаттарынсыз алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШК баспасөз қызметі.

Қостанай шекара жасағы «Қайрақ авто» өткізу бекетінің қызметкерлері рұқсат құжаттарынсыз аңшылық оқ-дәрінің ірі партиясын, нақтырақ айтқанда 90 дана көлемінде алып өтпек болған 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат Қазақстаннан Ресейге «Тойота» көлігі арқылы өтпек болған.

Оқ-дәрілер көліктің артқы орындығындағы қол жүгін тексеру барысында табылды.

Факті жөнінде Қарабалық аудандық ІІБ өкілдеріне хабарланды.