Режиссердің айтуынша, ол қазір аяқталуға жақын «Чума в ауле Каратас» фильмімен жұмыс істеуде. Осы жобаны бітірген соң «Алиюшка» фильмінің түсіріліміне кіріспек, деп хабарлайды baistars.kz. «Алиюшка» алдымен үздік 15 жұмыстың қатарына енген болатын. Сондай-ақ режиссердің бұл жобасы «Еуразия» кинофестивалінде де көркем фильмдер арасында жеңімпаз атанды. Туындыда өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы Кеңес үкіметінің құлау кезеңі, қиын-қыстау заманда бұзылған зауытта өмір сүріп жатқан жандардың өмірі көрініс табады. 14 жасар Әлия сол ортадағы оқу-жазудан хабары және нашақорлыққа қарсы тұрған жалғыз адам. Жастардың басым бөлігі Әлияға қарсы шығады. Бірақ оған жас қыздың сағы сынбай, өзі сияқты жаман әдеттен аулақ адамдарды жанына жинайды.
02:28, 25 Қараша 2015
Қазақстандық режиссер Ә.Ержановтың жобасы француздық кино қорының грантын жеңіп алды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Алиюшка» жобасы Францияның ұлттық кинематография орталығының грантын ұтып алды. 10 мың еуроға тең грант осы елдің Амьен қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестиваль аясында берілді.