Сайтта атап көрсетілгеніндей, фестивальдің басты идеялық көшбасшысы және президенті «Ине», «Асса», «Чужая Белая и Рябой», «Железная Пята Олигархии» фильмі арқылы әйгілі болған актер және режиссер Александр Баширов. Фестиваль оның «Дебошир. Фильмстудия» киностудиясымен 1997 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Биыл «Дебоширфильм - Чистые Грезы-XIV» байқауы «Адамды іздеймін!» атты ұранның аясында өткізілуде.
«Мен о бастан-ақ фильмімнің осы байқауға түскенін қаладым. Ол біртума форматта түскен туынды. Ал мен төлтумалықты жақсы көремін», - дейді Әділхан Ержанов.
Сайтта мәлім етілгеніндей, фестиваль 10-15 қараша күндері аралығында өтпек. Фестивальде режиссер Владимир Бортко, суретші Никас Сафронов, киносыншы Любовь Аркус, журналист Артемий Троицкий қазылық ететін болады.
Еске сала кетейік, «Риэлтор» фильмі бұның алдында Ресейдің Анапа қаласында өткен «Киношок-2011» байқауына қатысып, қазылардың арнайы сыйлығына ие болған болатын. Сонымен қатар қазақстандық «Еуразия» атты халықаралық кинофестиваліне де қатысты.