Қазақстандық Рустам Рустамов - Универсиаданың күміс жүлдегері

None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Рустам Рустамов 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Универсиаданың күміс жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Финалға дейінгі жолда украиндық Иван Ильницкийді, әзірбайжан Давид Чалабиевті және монғол Идерху Энхджаргалды еңсерген Рустамовбасты жекпе-жекте ресейлік Сергей Водопьяновқа - 1:2 есебімен жол берді.

Сәл кейінірек Қазақстанның тағы бір өкілі Жан Кособуцкий (+91) алтын жеңіп алуға талпынып көреді.