ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметіне сәйкес, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдулин 1/8 финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері АҚШ садақшыларын 6:0 есебімен жеңді.
Бұл нәтиже командамызға Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік берді.
«Қазақстан үшін бұл лицензияның маңызды болып табылатыны, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасынан кейін, 20 жылдан соң, еліміз Олимпиаданың командалық жарыстарына қатысады», - делінген ҚР ҰОК ақпаратында.