Қазақстандық садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай Азия кубогінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілі Дәулеткелді Жаңбырбай Таиландта өтіп жатқан Азия кубогінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол классикалық садақ ату сайысында алтын медальға таласады. Дәл осы бағдарлама бойынша Илфат Абдуллин үшінші орын үшін бақ таластырады.

Бұған дейін классикадан атудан Қазақстан ерлер құрамасы да финалға өткен болатын. Олардық қарсыластары – Үндістан командасы.