Қазақстандық самбошы Нұрболат Майлыбаев Бішкекте өткен халықаралық турнирде бірінші орын алды

БІШКЕК. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Қазақстандық самбошы Нұрболат Майлыбаев Бішкекте өткен халықаралық турнирде 68 келіге дейінгі салмақта алтын медальді жеңіп алды.

Ақпанның 14-і күні Бішкекте интернационал-жауынгер Виталий Гордеевті еске алуға және кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 21 жылдығына арналған самбодан 23-ші халықаралық турнир аяқталды.

Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен палуандар қатысқан байрақты бәсекеде Н.Майлыбаев өз салмақ санатында спорттық самбодан жеңіске жетті.

Турнир арналып отырған Виталий Гордеев Кеңес Одағының күшті самбошыларының бірі және елдің жастар құрамасының мүшесі болған. Ол Ауғанстанда жауынгерлік борышын өтеп жүріп қазаға ұшыраған.