Онда Армия орталық спорт клубының спортшылары алтын және күміс медальдарға ие болды.
Қазақстан әскерінде қызмет ететін балуан Аян Тұрсын 46,7 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленіп, Азия чемпионы атанды.
Қарулы Күштердің қоржынына 61,2 келіге дейінгі салмақта «күміс» жүлдені Сора Рахмонова салды.
Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеті алтын, тоғыз күміс және бес қола медальға ие болды. Осының арқасында қазақстандық жауынгерлер бірінші орынды иеленді.