Қазақстандық «Сары мысық» фильмінің тұсаукесері Венецияда өтті
23:38, 11 Қыркүйек 2020
ЛИДО. ҚазАқпарат - Кеше 77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасының аясында қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» атты жаңа туындысының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, картинаның тұсаукесеріне фильмнің режиссері, сондай-ақ продюсерлер Ольга Хлащева, Серік Әбішев, Гийом де Сиель мен Әсел Сәдуақасова және актерлер Санжар Мәди, Азамат Нығманов пен Камила Нұғманова қатысқан.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық киногерлер делегациясы 77-ші Халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысу үшін кәрі құрлыққа аман-есен жеткен еді.