Тамыздың 9-ынан бастап "SCAT» әуекомпаниясының Алматы және Ақтау бағытындағы рейстеріне «Пулково-2» терминалында қызмет көрсетілетін болады. Рейстердің ұшу және қону уақыттары өзгермейді.
Аталған рейстерді «Пулково-2» терминалына ауыстырудағы мақсат - жолаушыларға сервис пен жайлылықтың оңтайлы сапасын көрсету, дейді әуежай қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, "Пулково" әуежайы - жолаушылар ағыны бойынша Ресейдегі төртінші әуежай. «Пулково» әуежайының қызметін тұрақты негізде 31 шетелдік, 29 ресейлік және 11 ТМД елдерінің әуекомпаниялары пайдаланады.