1/4 финалда жерлесіміз Тайпейден келген спортшы Chuang Po Yu-ді 15:4 есебімен оңайлықпен тізе бүктірді. 1/2 финалда шайқас алаңына шыққан Руслан бастапқыда әлсін ойын көрсеткенімен, кейін барын салып Оңтүстік Корея спортшысы Kweon Yong Jinsun-нан 15:13 есебімен жеңіске жетті. Ал финалдық жарыста Оңтүстік Кореяның тағы бір семсерші Youngjun-ді 15:10 есептік көрсеткішпен сүріндіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Үш бірдей мықты қарсыласты қапы қалдырған Руслан Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткізді.
«Бұл еліміз үшін үлкен мәртебе» - деп атап өтті ШҚО семсерлесу спортының бас бапкері Сергей Владимирович.