UFC турнирі Абу-Дабидегі (БАӘ) «Күрес аралында» ұйымдастырылды. Кәсіпқойлардың жоғарғы дивизионына жолдама алған Сергей Морозовқа атақты Хабиб Нурмагомедовтің інісі Омар Нурмагомедов қарсы тұрды. Омар осыған дейін өткізген 13 жекпе-жегінің бәрінде де озық шыққан.
Жерлесіміздің UFC промоушенінде алғашқы төбелесі жеңілісіпен аяқталды. Нурмагомедов Морозовты екінші раундта қылғындыру әдісімен жеңді. Негізі бұл бәсеке үш раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Морозов өнер көрсететін дивизионда ресейлік Петр Ян көш бастап келеді.