Қазақстандық шабандоздар Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында бір алтын мен екі күміс иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шолпан Ата қаласында өтіп жатқан Бүкәлемдік көшпенділер ойындарының соңғы күнінде ауқымды ат жарыстары орын алды. «Құнан чабыш» жарысында қазақстандық спортшылар алтын және күміс медаль иеленді.

16 жастағы Алматы облысының тумасы Ернат Рақымғали «Аттила» атты ағылшын тұқымдас екі жасар құлынмен басқаларынан оқ бойы озып шығып, жеңімпаз атанды. Ат иесі Алматы қаласының тұрғыны Рахымжан Ділдаев екен.

Ал 16 жастағы Тайсон Коптев «Титан» атты ағылшын тұқымдас құлынмен күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл жүйріктің иесі - жамбылдық Есбол Шынтасов.

Төртінші орынды «Бәсеке» атты тұлпарды тізгіндеген қатысушы алды. Ол ақшалай сыйлық сертификатына ие болды. Ол аттың да иесі Есбол Шынтасов болып шықты. «Жорго салыш» жарысының бағдарламасында барлық жүлделі орындарды қырғыздық шабандоздар иеленді. Бұл сайысқа Қазақстанның атынан тек бір адам қатысқан еді. «Аламан бәйге» жарысының ақтық сынында көп дау-дамай туындап қалды. Себебі, қырғыздық төрешілер жергілікті спортшы жеңімпаз атануы тиіс, ал қазақстандық спортшы екінші болып келді, деп жеңістік бермеді. Бұл тұрғыда қазақстандық спорт делегациясының жарыс мәресінің бейнежазбасын қайталап көрсету туралы талаптары ескерусіз қалдырылды. Нәтижесінде, бұл додада күміс жүлде мен 500 мың сом көлеміндегі жүлдені Ғабит Үмбетовтың «Қарақұс» атты тұлпарымен Алматы облысынан келген шабандоз 12 жастағы Ақжол Оразымбетов қанжығалады.