Қазақстандық шахматшы Әлем чемпионатында 10-шы орынға шықты
04:11, 23 Қараша 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшы Елена Анкудинова Италияда аяқталған әлем чемпионатында 10-шы орынға шықты, деп хабарлайды Sports.kz.
Әйелдер арасындағы «+50» турнирінде ол 9 партияда 5 ұпай иеленді. Осы жас санатындағы ерлер арасында жерлесіміз Айтқазы Баймұрзин 56-шы орыннан көрінді.