«Соңғы айналымға дейін біз медальдар үшін өте сәтті күрестік. Ең бастысы, жігіттер өте жоғары дайындық пен жақсы ойын көрсетті. Қола жүлдені Иманғали Ахилбай (тақтада – жеке есепте), алтынды Сауат Нұрғалиев (тақтада – жеке есепте) иеленді. Бізбен 12 және 14 жастағы жігіттер ойнады, келесі жылы біз тағы да осы құраммен медальдар үшін күресуді жоспарлап отырмыз»,– дейді команда капитаны Павел Коцур.
20:44, 11 Қазан 2022
Қазақстандық шахматшы Дүниежүзілік олимпиадада алтын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас шахматшы Сауат Нұрғалиев 1-11 қазан аралығында Әзербайжанда өткен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.