Бірінші турда Қазақстан құрамасы өз қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz .
12 жасқа дейінгілер арасында Жансая Әбдімәлік бірінші турда түркиялық Аязмали Гиземді жеңді. 16 жасқа дейінгі қатысушылар арасында Динара Сәдуақасова словениялық Катерина Леонардиді ұтты. Осы топта ойнайтын қазақстандық Айсезім Мұхит пен Диана Асаубаева да өз қарсыластарынан басым болды.