деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін хабарланғанындай, шахмат турниріне Қырғызстанның барлық облыстарынан өкілдер және қонақ ретінде - қазақстандық ежелгі ойын әуесқойлары қатысты.
Сегіз жасқа дейінгі жас санатында алматылық Рамазан Жалмақанов бірінші орынды иеленді. Осы санатта Ілияс Кеңесхан жүлделі үшінші нәтижеге қол жеткізді. 10 жасқа дейінгі санатта Айнаш Бауыржан мен Әминжан Мұқашев тиісінше екінші және үшінші орындарды иеленді.
12 жасқа дейінгі санатта алматылық Тимур Қарымсақов пен Тагир Талайбеков тиісінше екінші және үшінші орындарды бөлісті. 16 жасқа дейінгі топта павлодарлық Яна Хоментовская жеңімпаз атанды.