Қазақстандық шахматшылар Македонияның астанасындағы турнирге қатысуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Македонияның астанасы Скопьеде «Karpos-open» ірі турнирі басталды, деп хабарлады sports.kz.

Жарыстың өту мерзімі: 29 наурыз-5 сәуір аралығы. Сыйлық қоры - 25 мың еуро.

262 қатысушының арасында үш қазақстандық бар: олар - Ринат Жұмабаев, Гүлісхан Нақбаева және Мәдина Дәулетбаева. Біздің елден барғандар бірінші кезеңді жеңіспен бастады. Екінші кезең Ринат үшін сәтті болды, ал Гүлісхан мен Мадина Харика Дроновалли пен Филипп Панчевскиге қарсы ойында тең түсті.