Қазақстандық шаңғышы А.Полторанин «Тур де Ски» көпкүндігінің масс-старт жарысында топ жарды
09:36, 02 Қаңтар 2014
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Швейцарияның Ленцерхайде елді мекенінде өтіп жатқан «Тур де Ски» көпкүндігінің масс-старт жарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды vesti.kz.
Бұл Полтораниннің осы маусымдағы алғашқы жеңісі. Қазақстандық шаңғышы 15 шақырым қашықтықты 34 минут 28,1 секундта жүріп өтті.
Германиялық Ханнес Доцлер 0,6 секундқа қалып, мәре сызығын екінші болып кесті. Үздік үштікті ресейлік Станислав Волженцев қорытындылады. Ол жеңімпаздан 1 секундқа қалып қойды.