Бұл бәсекеде норвегиялық шаңғышы Рагнхильд Хага жеңімпаз атанды. Қазақстан өкілі одан 30 секундтай уақытқа ғана қалып қойды. Жастар жарысында үшінші орынды италиялық Дебора Агрейтер жеңіп алды.
20:00, 24 Қаңтар 2013
Қазақстандық шаңғышы әлемдік жастар чемпионатында күміс жүлдегер атанды
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Анастасия Слонова чехиялық Либерецте өтіп жатқан әлемдік жастар чемпионатындағы 10 шақырымдық жеке жарыста күміс жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.