Қазақстандық шаңғышы Финляндиядағы жарыста екінші орын алды
Ол 10 шақырымды 28:24.0 уақытымен еңсерді. Бірінші орын франциялық Каролина Томас Хагтың еншісінде, ол мәрені 27:35.0 уақытымен кесті , үшінші орында да франциялық спортшы Аврора Жан, оның уақыты 28:27.0.
Естеріңізге салайық, 14-20 қараша аралығында Финляндияның Саариселькя қаласындашаңғы жарысы бойыншалицензиялық кезеңдер өтті. Олимпиада ойындарының лицензияларына ие болған спортшылар тізімі келесі жылдың 20 қаңтарында белгілі болады. Оған дейін спортшылар Әлем кубогы кезеңдері мен лицензиялық жарыстарға қатысады.