Қазақстандық шаңғышы Олимпиаданы 43-орынмен аяқтады
Аталған додада Қазақстан намысын Евгений Величко қорғаған болатын. Жарысқа 43-ші номерммен шыққан отандасымыз мәре сызығын да 43-ші болып кесіп өтті.
Шаңғы марафонында бас жүлдені ресейлік Александр Большунов (1:11:32.7) жеңіп алды. Күміс медальға тағы бір ресейлік атлет Иван Якимушкин (+5.5) ие болса, үздік үштікті Норвегия өкілі Симен Хегстад Крюгер (+7.0) қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты ерлер арасындағы шаңғы марафонының жарыс жолы қысқарғанын хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.
Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.