Мәскеуде Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) Шекара академиясында ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекара әскерін басқарушы кеңесінің басшылығымен макаров тапаншасынан нысана көздеуден халықаралық турнир өтті.
Оған Қазақстарн, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Абхазия, Моңғолия мен Вьетнамнан 8 команда қатысты.
Қазақстан Республикасының Шекара қызметінің командасын РФ ФҚҚ Шекара академиясының тыңдаушылары құрады: штаб басшысының орынбасары, «Солтүстік» аймақтық басқармасының 2034 әскери бөлімінің әскери дайындық бөлімінің басшысы, подполковник А.Қаженов, «Оңтүстік» аймақтық басқармасының 2041 әскери бөлімі штабының аға офицері, майор А.Бақытбеков, «Батыс» аймақтық басқармасы бөлімінің аға офицері, майор М.Конгуев, «БОхр» аймақтық басқармасының 2201 әскери бөлімінің бөлім бастығы, капитан Е.Саматов пен «БОхр» аймақтық басқармасының 2016 әскери бөлімі штабының аға офицері, капитан Е.Манарбек.
Турнир қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасының ҰҚК шекара қызметінің офицерлер командасы 314 ұпаймен жалпыкомандалық есепте 2-орын алды. РФ ФҚҚ Шекара қызметінің бастығы, генерал-лейтенант С.Поскребетьев қатысушыларға диплом мен кубок табыстады.
Жарыстың қорытындысы бойынша, Макаров тапаншасынан ату бойынша жеке біріншілікте «Оңтүстік» аймақтық басқармасының 2041 әскери бөлімі штабының аға офицері, майор А.Бақытбеков жеңіске жетті. Офицердің нәтижесі - 91 ұпай.
Қазақстандық шекарашылар Халықаралық турнир барысында жоғары кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, ТМД елдерінің арасында ҚР ҰҚК ШҚ имиджінің дамуы мен нығаюына үлес қосты.