Атап айтқанда, 31 желтоқсан күні ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Қордай» бекетінде шекарашылар Қазақстанға бет алған қырғыз азаматын ұстады. Оның жеке заттарын тексеру барысныда жалпы салмағы 1,880 грамм героин тәркіленді.
Сондай-ақ 3 қаңтар күні ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Меркі» бекетінде шекарашылар «Бішкек-Мәскеу» пойызынан тағы бір қырғыз азаматын ұстап, одан да жалпы салмағы 850 грамм есірткі затын алды.
Аталған істер бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.