«Қазақ-ресей шекарасында орналасқан Қостанай шекара жасағына қарасты «Қайрак теміржол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Астанадан Санкт-Петербург қаласына кетіп бара жатқан азаматқа шекаралық бақылау жасағанда оның сөмкесінен суық қаруды тапты», - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Семсер қол жүгін тексеру кезінде - сөмкеден табылған. Қарудың ұзындығы 46 см, ені - 2,5 см, қалыңдығы - 5 мм, пышағының ұзындығы - 29 см. Қолдан жасалған семсердің салмағы 1100 грамм тартады.
Ұсталу фактісі бойынша құқық қорғау және олармен өзара іс-қимылдағы органдар хабардар етілді.