Мәліметтерге қарағанда, Павлодар шекаралық жасағының «Шарбақты авто» өткізу бекетінің шекарашылары қызмет итінің көмегімен Қазақстаннан Ресейге Toyota Avensis көлігімен бара жатқан 38 жастағы Ресей азаматын ұстады. Ол парфюмерияның арасындағы шағын құтыға салып 3 гр марихуана өткізбек болған.
Осы күні Ресейдің тағы бір 37 жастағы тұрғыны Toyota Corolla көлігімен отанына бара жатқанда ұсталды. Оның көлігінен 5 грамм гашиш табылды.