деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, желтоқсанның 13-інде Каспий теңізімен Иранға бара жатқан ресейлік «Амур» кемесі, Қазақстанның аумақтық суына жақын жерден өтіп бара жатып, радиобайланыс арқылы экипаж мүшелерінің бірі үшін жедел медициналық көмек сұрады.
Дабылды қабылдаған теңіз күзеті аймақтық басқармасының қолбасшылығы Халықаралық Теңіз конвенциясын және қалыптасқан теңіз тәжірибесін ұстана отырып, ресейлік кемеге шекара катерін жіберді. Үшінші рангалы капитан Вазат Борамбаев бастаған шекара катерінің экипажы науқас теңізшіні бортқа қабылдап, Баутино айлағына жедел жеткізді. Онда оларды жедел жәрдем бригадасы күтіп алды.
Қазіргі таңда ресейлік теңізшінің денсаулығы ешқандай алаңдаушылық туғызып отырған жоқ.