НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында қарсыласына соқтығысып, құлап қалды. Осы себепті төрешілер Тихонованы жарыстан шеттетті.
Десе де, ол аталған қашықтықты 1 минут 56 секундта жүгіріп өтті.
Енді қазақстандық спортшы 16 ақпан күні 1500 метрге жүгіруден сынға түседі. Демек, әлі де жүлдеген таласуға мүмкіндігі бар.
Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 9 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Фото: olympic.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.