Қазақстандық шорт-трекшілер Ресей кубогында жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Коломна қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Ресей ашық кубогында қазақстандық спортшылар үздік үштікке енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

1500 метрге жүгіруде Анастасия Крестова күміс еншіледі.

Ерлер арасындағы осы қашықтықта Еркебұлан Шамухаев қола жүлдегер атанды. Ал 500 метрге жарысуда Абзал Əжіғалиев екінші орыннан көрінді.

Ресей ашық кубогы 13-16 қыркүйек аралығында өтуде.