Қазақстандық шорттрекшілер тағы бір Олимпиада жолдамасына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шорттрекшілер тағы бір Олимпиада жолдамасына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық конькишілер кеңесі ISU шорт-тректен Қазақстан құрамасына Пхенчхандағы Олимпиада ойындарына тағы бір жолдама берді.

Енді Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасында 1500 метр қашықтық сайыста еліміздің намысын бір емес, екі спортшы қорғайтын болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық коньки спорты одағы (ISU) 2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына жолдамаларды үлестірген болатын. Онда Әлем кубогының төрт кезеңі бойынша қазақстандық конькишілерге 10 жолдама бұйырған еді.