Егер отандық шоу-бизнестегі ең бай жұлдыздардың Топ-10-дығын алып қарайтын болсақ, 2011 жылы олардың ешқайсысының табысы 1 миллион долларға жетпегендігін байқауға болады. Forbes-тың пайымы бойынша, ғаламдық Топ-100 селебрити рейтингісін алатын болсақ, олардың тапқан ақшаларының қосындысы 4,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұдан қазақстандық нарық өте кішкентай әрі төлемге қабілетсіз деген түйін жасауға болады.
Еліміздің ең бай жұлдыздарын атайтын болсақ, бірінші орында жылдық табысы 800 мың доллармен «МузАрт» тобы тұр. Топ мүшелерінің бірі Мейрамбек Бесбаев 2011 жылы «Жұлдызға арналған коктейль-2» фильміне түсіп, нарық қатысушыларының пікірінше, осы жылдың ең қымбат әртістерінің қатарында болды. Оның біркүндік қаламақысы 7 мың долларды құрады. 2003-2004 жылдары «МузАрт» Ресей мен Қытайда гастрольдік сапармен болды.
Екінші орында 720 мың АҚШ доллар табысымен танымал қазақстандық әнші және композитор Батырхан Шүкенов тұр. Оның шығармашылығы 1982 жылы «Арай» тобында басталды. Б.Шүкенов топтың саксафонисі болды.
Үшінші орын өткен жылы 700 мың доллар ақша тапқан жастардың «Наша KZаша» бағдарламасына берілді. Продюсер, жүргізуші Баян Есентаева да қоян жылы «Наша KZаша» бағдарламасымен бірдей 700 мың доллар тапқанымен, жастар бағдарламасын Yandex-те көп іздейтін болғандықтан (78 995 рет) Есентаева (40417 рет) төртінші орынға ысырылды. Бағдарлама құрылтайшылары 20 сериядан тұратын «Ауылдан қашып құтылу» фильмін түсірді, қазір «KZландия» жобасын қолға алуда.
Ал қазақстандық 5 жобаның продюсері Б.Есентаева сарапшылардың бағалауы бойынша «Жұлдызға арналған коктейль» картинасынан 350 мың АҚШ доллар тапты. «Жұлдызға арналған коктейль-2» прокатқа шыққан алғашқы күні 5 млн. теңге жинады.
Бесінші орында аса көп емес, бірақ тым аз да емес - 370 мың долларлық табысымен Дильназ Ахмадиева тұр. Әншінің YouTube-тағы ресми арнасында 55 тіркелуші бар. 2011 жылдың тамызынан бері арна 25 404 рет қаралды. Қазіргі уақытта ол Some Toir-дың продюсерлерінің бірі.
350 мың долларлық табысымен жастардан қалыспай келе жатқан Қазақстан эстрадасының қаймағы, ҚазКСР-дің, Қазақстанның халық әртісі, КСРО, Қазақстан және Ресейдің мемлекеттік жүлделерінің лауреаты Роза Рымбаева алтыншы орында тұр. Рымбаева КСРО-ның ең үздік 10 әншілерінің қатарында болды. Мәселен, 1978 жылы «Әуен жолы» хит-парадында ол Алла Пугачева мен София Ротарудан кейінгі 3-інші орынды иеленді. Қазіргі уақытта ол өзінің ұлы Әли Оқаповқа продюсерлік етуді жоспарлап отыр.
2011 жылы қалталарын 300 мың долларға қалыңдатқан FM тобы мен Мәдина Сәдуақасова жетінші орынға таласып тұр. Бірақ жұлдыздардың Yandex-тегі танымалдылығына жүгінетін болсақ, М.Сәдуақасова туралы ақпарат іздеген 70 395 адам, оны сұлу қыздардан құралған топтың алдына шығарды. FM тобын Yandex-те 32 071 рет іздеген.
Сәдуақасова үшін ең жауапты концерт 1992 жылы өткен «Әнші балапан» байқауы болды. 1999 жылы оған Қызылорда облысының «Жыл адамы» атағы берілді. Оның бірінші хиты Ермек Елгезековтың «Махаббат жалыны» әні болды. Әнші соңғы уақытта, сондай-ақ танымал жүргізушілердің біріне айналып үлгерді.
Сегізінші орынға табан тіреген FM тобының қазақстандық шоу-бизнес нарығында жүргеніне алты жыл болды. Топтың продюсерлері келесі жылы оның құрамын төрт адамға дейін толықтыруды жоспарлауда. Топтың үш мүшесінің екеуінде жеке би мектептері бар.
Тоғызыншы орын 250 мың доллар табыс тапқан әнші Мақпал Исабековаға берілді. Оның жұлдызды карьерасы SuperStar KZ жобасына қатысқаннан кейін басталды. «Esquire Қазақстан» ерлер журналының пікірінше 2007 жылы Исабекова «Жыл әншісі» атанды.
Қазақстанның ең бай жұлдыздарының ондығын жылына табатын 95 мың доллар табысымен Әсел Сағатова тұйықтады. Сағатова Ell Caffe Mio итальяндық кофеханасының иелерінің бірі. Қазақстанның киноиндустриясында ең қымбат әртістердің бірі саналады. Әсел түсіру алаңында өткізген әр күні үшін 2 мыңнан 5 мың долларға дейін қаламақы алады. Қатысқан соңғы жобасы 2012 жылы прокатқа шығатын «Охота за призраками» фильмі. Киноға келмес бұрын модель болып жұмыс істеді.