«Алматы облысы Қарасай аудандық соты заңнамалық маңызы бар фактіні белгілеу туралы азаматтық істі қарады. Шағымданушы Швецияда босанған, оған Норчеппинг қаласы орталық перинатальдық орталығы берген медициналық анықтамасы дәлел бола алады», - делінген облыстық соттың хабарламасында.
Алайда, Қазақстанда туу туралы куәлік алу мүмкін болмаған. Кәмелет жасқа толмаған баланың мүддесін қорғау мақсатында сот оның туылғанын тіркеу фактісін дәлелдеді.