Қазақстандық шыңға өрмелеушілер ТМД чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ЦСКА спортшы-альпинистері ТМД қатысушы-мемлекеттері достас армиялары чемпионатының қорытындысымен жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі.

Чемпинонат Іле Алатауының бөктерінде өтті, оған Қазақстан мен Ресейдің мықты жауынгер-спортшылары қатысты.

Шараны Қазақстан қорғаныс министрлігінің ЦСКА спорт комитеті ұйымдастырды. ТМД армияларының альпинизм мен шыңға өрмелеуден чемпионаты алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өткен жөн.

Бірнеше күн бойы армияшылар шыңға өрмелеуде өздерінің шеберліктерін көрсетті. Шыңға өрмелеуден басқа алпинистер гранат лақтырудан және уақыт белгілеп, шыңға жылдам өрмелеп шығудан сайысқа түсті.

«Қазақстандық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, армиялық спорт пен Қазақстан Қарулы күштерінің айбынын асқақтатты» , деп атап көрсетті Альпинизм мен шыңға өрмелеуден қазақстандық құраманың жаттықтырушысы Мұрат Жұмаев.