«Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының және Қарағанды облысының жеке аудандарында тамыз айындағы орташа ауа температурасы плюс 23...30°С, қалған аумақтарда плюс 15...22°С болады», - делінген хабарламада.
Айдағы орташа жауын-шашын мөлшері Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының басым аумағында нормадан төмен; Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында нормадан жоғары болады, қалған аумақтарда нормаға сай болады.
«Айдың басында батыста және республиканың шығыс бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батыс бағыттағы жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. 4-6 тамызда республиканың басым аумағында күндіз ауа температурасы көтеріледі: батыста 30...38, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде 41; солтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстік-шығыста және орталықта 28...38 градысқа дейін; оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 33...38 градусқа дейін ысиды», - деп хабарлады синоптиктер.
Алайда жылылық көпке созылмайды. Бірінші онкүндіктің соңында ауа райы құбылмалы болып, кейін ауа температурасы төмендейді.
Болжам бойынша тамыз айындағы екінші және үшінші онкүндіктерінің бірінші жартысы жылы болады деп күтілуде. Ал екінші және үшінші онкүндіктің соңында күн суытып, жауын-шашын болуы ықтимал. Солтүстікте, шығысқа және орталықта түнде күн суытып, қатқақ болуы мүмкін.