"OMG! Сіздердің сүйікті Софилеріңіз! Бүгін! Атақты Анджелина Джолимен бірге!!!" - деп жазды Манасян суреттің астына.
with #AngelinaJolie in @asianworldff 🎬 • Ваша любимица Софи! Сегодня! С нереальной #АнджелинаДжоли )
Публикация от Sofi Manassyan / Софи Манасян (@sofimanassyan) Окт 30 2017 в 8:17 PDT
Олардың қай жерде кездескені әлемге танымал актриса Анджелина Джолидің парақшасында жарияланған постта айтылған.
«AngelinaJolie мен LoungUng 2017 жылғы 30 қазанда Asian World Film Festival аясында First They Killed My Father көрмесін тамашалап жүр» деп жазылған Анджелина Джолидің постында.
Джоли ол жерде «Олар әуелі менің әкемді өлтірді» атты фильмінің таныстырылымына қатысқан. БАҚ-тарда жарияланған мәлімет бойынша, таныстырылым жабық түрде өткен, фильм арнайы шақырумен келгендерге ғана көрсетілген. Қазақстандық өнерпаз бүлдіршін де осы құрметті қонақтардың қатарында болған.
Айта кетейік, қазақстандық биші Софи Манасян түрлі халықаралық конкурстарға қатысып, жұрт назарына іліккен болатын. Ол, сондай-ақ, австриялық «Даңқты минут» («Минута славы») шоуында өнер көрсеткен. Қазір ол ата-анасымен бірге Лос-Анджелесте өмір сүріп жатыр.