АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының құрылғанына 5 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2012 жылдың қараша айында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған Конфедерация құрамына еліміздегі белді деген бес спорт түрлері енді.
Атап айтсақ, бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, қазақ күресі 2012 жылдан бері бір шаңырақ астына бірігіп, Конфедерацияның арқасында жаңа даму деңгейіне көтерілді.
Осы бес жылдың ішінде аталған бес спорт түрінен әлем чемпионатының 11 алтын медалін, ал Олимпиада ойындарында 2 алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, 16 күміс, 15 қола жалпы 42 медаль иеленді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.