Қазақстандық спортшы әлемнің 100 үздік үстел теннисшісі қатарына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Кирилл Герасименко әлемнің 100 үздік үстел теннисшісі қатарына қосылды. Бұл жайында ҚР Үстел теннисі федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) қараша айына үстел теннисінен әлемдік рейтингті жария етті. Онда қазақстандық Кирилл Герасименко 97 орынға тұрақтады. Осылайша, Қазақстан спортының тарихында алғаш рет жерлесіміз жершарының кіші ракеткадан 100 үздік шеберінің қатарына қосылып отыр», - делінген таратылған ақпаратта.