16 жасар қазақстандық 62 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Екі жаттығудың қорытындысы бойынша, Савельев 281 (127 154) келіні көтерді. Екінші орынға 276 келіні бағындырған (126 150), қытайлық Юнбан Вэй қол жеткізді. Ал қола жүлде 267 келі көтерген (121 146) индонезиялық ауыр атлет Мухаммед Халим Сетиаванға бұйырды.