Екі күнге созылған сайыс қорытындылары бойынша Денис Тен 224, 74 балл жинаған, сөйтіп ол жалпы есепте төртінші орынға шықты. Айта кетсек, Skate America-2014 жарысында 269,09 балл иеленген жапондық Татсуки Мачидо жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды мұзайдын иелері - американдық Джейсон Браун, үшінші орынды канадалық Нам Нгуен иеленді.
13:52, 26 Қазан 2014
Қазақстандық спортшы Денис Тен «Skate America-2014» кезеңінде 4-ші орын иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Skate America гран-приінің бірінші кезеңінде жүлделі орынға небәрі бір-ақ қадам жетпей қалды, деп хабарланған жарыстың ресми сайтында.