Қазақстан атынан спорттың бұл түрінен екі конькиші өнер көрсетті. Надежда Морозова сегізінші орынға жайғасып, үздік ондыққа ілінді. Екатерина Айдова жарысты 12-ші болып аяқтады.
Жапондық Михо Такаги жеңіске жетті. Одан кейін екінші болып мәреге нидерланд спортшысы Антуанетта де Йонг келді. Норвегиялық конькиші Виклунд үшінші болды.