Қазақстандық спортшы - күміс жүлдегер

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Финляндияның Саариселька қаласында өткен халықаралық жарыста шаңғышылар 10 шақырымға классикалық стильмен жарысқан болатын.

Қазақстандық шаңғышы Денис Волотка айтулы турнирде күміс жүлде жеңіп алды. Оның көрсеткіші - 26.20,7.

Бұл сында бас бәйгені ресейлік шаңғышы Дмитрий Япаров қанжығасына байлады. Қола жүлде тағы да бір ресейлік Александр Бессмертныхтің еншісінде, деп хабарлады alasharena.kz.