Әлемдік біріншіліктің 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі күміс жүлдегері Нұрмахан аталған салмақ бойынша жеңімпаз Әмір Алиабкар мен 74 келі салмақта бірінші орын алған оңтүстіккореялық Ким Хьюн Вудың қатарында қорғаныс машығы бойынша тізімде көш бастады. Сонымен бірге біздің жерлесіміз нәтижелілік бойынша бесінші орында.
16:41, 16 Қараша 2013
Қазақстандық спортшы Нұрмахан Тінәлиев әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік деп танылды
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - FILA қыркүйекте ересектер арасында Будапештте өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатының қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі бойынша, қазақстандық спортшы Нұрмахан Тінәлиев үздіктердің қатарында, деп хабарлады Sports.kz.