Римдегі FEDERBOCCE спорт кешенінде өткен додада Сәбит Жүсіпов65 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Финалдағы ымырасыз жекпе-жекте әскери спортшы 2018 жылғы ресейлік әлем чемпионы Магомед Абдуллаевті сенімді түрде жеңді.
«Панкратион – бұл қайта шыға бастаған спорт түрі. Ол еркін, грек-римдік күрес, самбо, дзюдо, бокс және басқада жекпе-жектің техникалық қимылдарын қолдануға рұқсат етілетін, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектің түп-тамыры болып саналадыһ» - деп атап өтті қоян-қолтық ұрыс бойынша АОСК команданың бастығы майор Мұрат Бижанов.