Қазақстандық спортшы семсерлесуден Азия чемпионатында «қола» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы қыз Софья Николайчук семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында жүлделі орыннан көрінді. Ол семсермен жекелей сында қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 16 жастағы спортшымыз медаль үшін өзінен анағұрлым жоғары жастағы қарсыластармен сынға түскен.

Айта кетейік, Манилада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бүгінге дейін 5 медаль иеленді: үш алтын, бір күміс және бір қола.