Ясмина Тоқсанбаева үздік өнер көрсетті. Жасөспірімдер арасында 10 км қашықтыққа арналған жарысты Ясмина 50:19 уақытпен аяқтады.
Жеңіске қытайлық спортшы Юньян Цзян қол жеткізді. Екінші орынды да Қытай елінің өкілі Цзиньюн Цзян алды. Үшінші орынға финляндиялық Хета Вейколла лайықты деп танылды. Жарысқа барлығы 36 спортшы қатысты.
Айта кетейік, Тоқсанбаева 2022 жылы Колумбияда өтетін әлем чемпионатының нормативін орындады.