Қазақстандық спортшы тау шаңғысы спорты бойынша суперкомбинацияда 33-ші нәтиже көрсетті -Ванкувер

СТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - Ванкувер Олимпиадасында тау шаңғысы спортында ерлер арасында суперкомбинация өтіп, оған қазақстандық Игорь Закурдаев қатысты,

деп хабарлайды sports.kz сайты.

Қазақстандық спортшы екі жаттығудың қорытындысы бойынша 2:56.20 уақыт көрсетті, ол жарыс жеңімпазы американдық Боде Миллерден 11.28 секунд артқа қалып, 33-ші орынды місе тұтты.

Сөйтіп, Миллер Боде (АҚШ) 2:44.92, Костелич Ивица (Хорватия) 2:45.25, Зубриген Сильвен (Швейцария) 2:45.32 уақытпен алғашқы үш орынды бөлісті.