Қазақстандық спортшы үстел теннисінен Азия кубогын сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияның Йокогама қаласында үстел теннисінен 32-ші Азия кубогы басталды. Қазақстандық Кирилл Герасименко алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бірінші матчта Кирилл әлемнің 10-шы ракеткасы, командалық есептегі әлем чемпионатының қола жүлдегері Янг Вуджинмен кездескен болатын. Тартысқа толы матчта 3:2 есебімен қазақстандық теннисші жеңіске жетті.

Бүгін Герасименко тағы екі кездесу өткізеді. Оның бірі әлемнің бірінші ракеткасы әрі төрт дүркін әлем чемпионы Фан Жендогқа қарсы өтеді.