«2019 жылы US Open титулымен аяқтаған Андрееску мен 2020 жылғы Рыбакина арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Қазақстанның атынан өнер көрсететін 20 жастағы теннисші өткен шілдеде алғашқы жүздікке еніп, биыл 36-шы орыннан 17 позицияға көтерілді. WTA Tour титулын иеленді және өткен айда Дубайда София Кенин мен Каролина Плишкованы жеңіп, үш финалға жетті», - делінген БАҚ-та.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Рыбакина алғаш рет өз мансабында әлемдік рейтингтің ТОП-20-сына кіріп, тарихи жетістікке қол жеткізді.