Қазақстандық спортшы жеңіл атлетика бойынша Қырғызстанның ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

БІШКЕК. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Жеңіл атлетикадан Қырғызстанның ашық чемпионатында қазақстандық спортшы Иван Вичинский үздік өнер көрсетті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен демалыс күндері Бішкекте өткен көршілес республиканың ашық чемпионатында  қазақстандық  желаяқ  жасөспірімдер арасында 400 метрлік арақашықтықты 50,3 секундта жүгіріп өтіп,  өзінен үлкен спортшылардың да көрсеткіштерін басып озды.

Спорттық бағдарламаның өзге түрлерінен жергілікті спортшылар басым түсті,  қазақстандықтар жарыстың біраз түріне қатысқан жоқ. Бұл жолы Бішкек жарысы 1990-1991 және 1992 жылы туған жас өспірімдерді жинады.